Мектепті? ашылу салтанатыны? сценарий

«Аталар жолымен, ағалар  ізімен» кездесу кешінің сценарий

Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,№55 С.Қожанов атындағы орта мектебінің кәсіби бағдар ісі жөніндегі орынбасары  Рима Шокибаева

(№55 С.Қожанов атындағы орта мектебінің 80-жылдық торқалы тойына арналған кездесу кешінің іс-шарасы)

 

Кіріспе сөз:-Құрметті,арнайы шақырылған мектепті  бітірген түлектер қауымы және ардагер ұстаздар, оқушылар!Баршаңызды бүгінгі «Аталар жолымен,ағалар ізімен »атты пікір алысу, кездесу кешіне қош келдіңіздер!

Кездесу кешіміздің мақсаты: Мектебіміздің 80 жылдық мерей тойына байланысты біздің мектептің түлектері ауданымызда түрлі салада қызмет атқарып жүрген азаматтарымыздан мамандық таңдауда, бағыт бағдар алу мақсатында, мектептегі 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесу кешіне,жас жеткеншектерге тың пікірлермен ой бөлісуге шақырып сұхбаттасу,пікірлесу.

Мектептен түлеп ұшқалы отырған 9-10-11-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Сондықтан оқушыларға  мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны,  әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту.       Бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттері мен әртүрлі салада қызмет ететін мамандардың,аға-әпкелеріміздің қызметтерімен мамандықтарын кейінгіге үлгі ету.

І-жүргізуші:«Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат қалар артында» -деп қазақтың кемеңгер акыны Сәбит Дөнентаев айтқандай бүгін біз қонаққа мектебіміздің бұрынғы түлектерін, кешімізге  қазіргі әр түрлі салада ауданымызда түрлі мамандық бойынша қызмет етіп жүрген мамандарды, талай жыл өз мамандығының игілігін көріп, халқына қызмет еткен кісілерді жоғарғы сынып оқушыларымен ой бөлісуге шақырып отырмыз.

Бүгінгі кешті –Жүргізуші:..Кәсіби бағдар ісі жөніндегі орынбасары Рима Шоқыбаева және қазақ тілі пәні мұғалімі Мықтыбайқызы Анар апайларымызға  қол соға қошемет көрсетейік……

ІІІ- қабаттағы көрмені аралайды.  Залға шақырылады.

Салтанатты кездесу кешімізді   ашып беру үшін   мектеп директоры Айнұр Мырзалиеваға  сөз кезегі беріледі.

1-жүргізуші:

Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық жар салайық

Мектептің 80 жылдық тойына

Арнайы келген түлектерін

Құрметпен қол соғып қарсы алайық

 2-жүргізуші:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға

Жан сәулесін тарататын баршаға

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп

Түлектерді қарсы алайық қол соға

 1-жүргізуші:

Тірлік осы атады жаңа таңдар

Жаңа таңдар алмасқан алақандар

Өмір деген биікке дара самғап

Азамат боп оралған аға-апалар

2- жүргізуші:

Қуаныш бүгін мереке

Шуағын шашып тұр әлем

Мектепке келген сағынып

Біздерден сізге мың салем

 Іжүргізуші   Құрметті  мектебіміздің түлектері, құрметті қонақтар сіздерге арналған  ән -шашуымызды қабыл алыңыздар.

Ән.——————————————————————————–

 1-жүргізуші

Құрдастар, сыныптастар, парталастар

Шәкірттер, бір кездегі балғын жастар

Қаншама жыл өтті мектеп бітіргелі

Бастарын қосқалы отыр бүгін достар

 2-жүргізуші:

Береке мен бірліктің басын құрап

Жүрген жандар жайқалған жасыл құрақ

Бітіргелі мектепті? ашылу салтанатыны? сценарий мектепті  көп жыл өтті

Сағынысып кездесу – асыл-мұрат.

І жүргізуші : Бүгін   біздің ортамызда  мектебімізді әр   жылда  бітірген     мектеп түлектері мен  арнайы  қонақтарымыз отыр.Құрметті оқушылар,ұстаздар  сіздерге арнайы шақырылған қонақтарымызбен  таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.Құтыбаев Рахымбаба-Аудандық мәслихат хатшысы,аудандық «Ынтымақ»ЖСШ-төрағасы,белгілі кәсіпкер

2.Нәлібаев Алмасбек-Аудандық мәслихат хатшысы

3.Бүркітбаев Қаржыбек-аудан әкімінің орынбасары

4.Сейілов  Есдаулет- Жаңақорған ауданының кент әкімі

5.Қалдыбек  Ерубай-«Жаңақорған тынысы»газетінің меншікті тілшісі әрі бөлім меңгерушісі

6.Баймұратов Манарбек-аудандық өрт қауіпсіздігі мекемесінің құрметті зейнеткері

7.Қошқарбаев Қалдыбай-Аудандық «Әлшекей»атындағы өнер мектебінің директоры

8.Ұлықпанова Рыскүл-қоныстың мәдениет үйінің қызметкері

9.Ибрагимов Уәли- аудандық мәдениет бөлімінің М.Көкенов атындағы мұрагат директоры

10.Оралбеков Қайрат-аудандық білім бөлімінің әдіскері

11.Бұлдырықов Нұрымжан-аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары

  1. Құрықбаев Ербол-аудандық әділет басқармасының бас маманы

13.Ошанов Әбдіқалық-Бірлік ауылының Социалистік Еңбек ардагері- қошемет көрсетейік.

2- жүргізуші:

Бүгінгі кездесу кешімізге  келген  түлектеріміздің  ұстаздарымен  таныстыруға  рұқсат етіңіздер.

  1. Байдүйсенов Сейітхан ағай- Білім саласының құрметті ардагері,зейнеткер
  2. Қошқарбаев Әбилла ағай- Білім саласының құрметті ардагері,зейнеткер.
  3. Әбжаппаров Нәжен ағай -ардагер ұстаз

1-жүргізуші:

Мектеп, мектеп менің жарқын көңілім

Мектеп, мектеп шаттық толы өмірім

Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің

Мектеп, мектеп ана болып көріндің

 2-жүргізуші

Бойларында жігер күші тасыған

Кездері жоқ қиындықтан жасыған

Түлектерім келіп отыр бой түзеп

Арналсыншы оларға бүгін сый-құрмет.

 1-жүргізуші

Ән. « Мектебім әні»———————————————————————-

1-жүргізуші:

Ақыл-білім көп бердің,

Анамдайсың мектебім.

Сенде өсіп көктедім

Сенсің өмір мектебім

Ыстық мектеп партасы

Оқулығы, картасы

Мұнша қызық болғаны

Мұғалімнің арқасы

Алғыстарым көп менің

Асыл ана мектебім-дей  келе салтанатты  кешіміздің алғашқы сөз кезегі алтын мектебіміздің түлектері  – Құтыбаев Рахымбаба ағамызға, Тұрысбеков Медетбек ағамызға, Нәлібаев Алмас, Бүркітбаев Қаржыбек  ағаларымызға сөз кезегін  береміз.

2-жүрг

Таң қалмасын қызықтың шағы қызған

Жана берсін бақ артып бағыңыздан

Құрметпенен ұсындық сізге сөзді

Ақтарылып көріңіз ағыңыздан-деп  сөз кезегін аудандық « Жаңақорған тынысы» газетінің бөлім меңгерушісі  Қалдыбек Ерубай ағамызға және   кент әкімі  Сейілов Есдаулет,Баймұратов Манарбек ағаларымызға  сөз кезегі береміз.

 1-жүр

Ажырамай халықтан бір елі сіз

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпенен өзіңізге

Түлектерге арналсын тілегіңіз

 Сөз кезегі аудандық  «Әлшекей» атындағы өнер мектебінің директоры Қошқарбаев Қалдыбай  ағай және кент мәдениет үйінің қызметкері Ұлықпанова Рыскүл апай,Ибрагимов Уәли ағаларымызға  сөз  береміз.

Қазақша ән ………………………………………

2-жүргізуші

Мектебімнің қиынына күйгені

Табыстарға мәз-мейрам боп жүргені

Сіздер үшін күйінгені-күлгені

Сөздер айтар бастайтындай ілгері –деп сөз кезегі аудандық білім  бөлімі басшысының орынбасары Бұлдырықов Нұрымжан және аудандық білім бөлімінің әдіскері Оралбеков Қайрат ағаларымызға  сөз кезегін береміз.

І-жүргізуші:

Балапандай бауыр басқан ұяда,

Бірге өскен мектебін жан қия ма?

Жолдама алып, болашаққа өзіңнен

Білім іздеп самғап ек әр қияға

Бірге жүрді,10 жыл, бірге ойнады,

Бірге оқыды 10 жыл, бірге ойлады

Қас қақанша    неше  жыл өтіпті,

Бүгін  міне,түлектер кездесуді ойлады – дей келе мектебіміздің кейінгі буын түлектері   аудандық  әділет басқармасының бірінші орынбасары  Құрықбаев Ербол ағайға сөз кезегін берейік.

Енді мектеп оқушыларының  сіздерге қояр сауалдарына  жауап берсек.

1-жүргізуші

Ізгілік пен парасаттың жолдарын

Аралатқан ғалымдардың мол бағын

Көрген сайын жанарыңнан оқимын

Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн-дей келе

2-жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз ұстаздың еңбегін жоғары бағалаған. Расында да ұстаз өз шәкірттеріне аянбай білім беруден ешқашан жалықпаған. Ендеше, мерейтойда ұлағатты ұстаздарымызды неге атамасқа?! Мектебімізде шәкірттерінің сүйікті, аяулы ұстазы бола білген, ал мектеп ұжымында өте сыйлы, адамгершіліктері мол, ашық, жайдары мінездерімен қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысқан ардагер  ұстаздарымызға қошемет көрсетіп қояйық!

Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда
.
Бүгінгі  кешімізге келген  түлектеріміздің ұстаздары:

  1. Байдүйсенов Сейітхан ағай
  2. Қошқарбаев Әбилла ағай
  3. Әбжаппаров Нәжен ағайларымызға Сөз кезегін береміз.

 І жүргізуші:

Өтті бізден балалық

Өтті бізден шалалық

Тезге салды ұстаздар

Текті мінез-даналық

Ұсынғалы адалдық

Үйреткені адамдық

Бар ұстазға тілейміз

Бақыт, табыс,амандық

 ІІ жүргізуші  ардагер ұстаздарымыздың құрметіне   «Ұстазым» әні

І жүргізуші

Қабыл етіп қонақтардың тілегін
Тілегіңді тұмар етіп жүремін
Кейінгіге жақсы ісін үлгі етер,
Өздеріңіздей болса деймін түлегім

ІІ жүргізуші

 Мектебіміздің  үздік  түлегі  Әбушахмаева Жансаяға   беріледі.

Сенен ыстық алтын ұя таппадым

Өзінде өтті балғын бала шақтарым

Сағынышпен кездесіп тұрмыз  біз бүгін,

Бетке алған соң балалықтың бақтарын

Мерекеде басты қостық бәріміз

Жарасады әніміз бен сәніміз

Әуенімен тербелейік вальстің

Бірге толқып, әсем сазбен жанымыз.

 

Ән орындалады.————————————————————————

І жүргізуші: Бүгінгі кездесу кешімізді Қорытындылай келе: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» — деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай бүгін осы кешке қатысып отырған барлық  оқушыларға өмірден таңдаған мамандықтарыңыздың жемісін көріп, игіліктеріңізге пайдалана беріңіздер демекпіз.

Ісім оңсын десеңіз

Сол істің маманы болыңыз,

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз-деген ғұлама Әл-Фарабидің сөзімен тоқталсақ дейміз.

І- жүргізуші: «Еңбегіңнің ел кәдесіне жарағанын сезіну-үлкен бақыт» -деп В.И.Качалов ағамыз айтқандай өз қалаған мамандықтарыңыздың ел кәдесіне жарап, өздеріңізге қуаныш сыйлауына, жұмыстарыңызға табысты болуларыңызға тілектеспіз.Бүгін біздің мектебіміздің қадірлі қонақтарымыз мектеп түлектері мен ардагер ұстаздарымызға,бізбен бірге болып, алтын уақыттарыңызды қиып, мектебіміздің іс-шарасына арнайы келіп ой бөліскендеріңізге көп-көп рахмет айтамыз.

Кездесу кешімізді осымен аяқтаймыз.Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет айтамыз.Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 


Источник: http://sabaq.kz/14217/%d0%b0%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%b6%d0%be%d0%bb%d1%8b%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d1%96%d0%b7%d1%96%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%ba%d0%b5%d0%b7%d0%b4%d0%b5/



Рекомендуем посмотреть ещё:


Закрыть ... [X]

Аталар жолымен, аалар ізімен кездесу кешіні сценарий

Мектепті? ашылу салтанатыны? сценарий Тлектер кешіне арналан сценарий Білімділер сайты
Мектепті? ашылу салтанатыны? сценарий Апталы сценарий - Коммунальное Государственное
Мектепті? ашылу салтанатыны? сценарий Азаша сценарий: Тлектер кеші жлдызды кеш
Мектепті? ашылу салтанатыны? сценарий Сценарий на казахском языке quot;Жлдызды
Мектепті? ашылу салтанатыны? сценарий Азаша Сценарийлер жинаы / Казакша
Мектепті? ашылу салтанатыны? сценарий 8 сынып физика презентация
Цикл кребса стих щука 2013 год в кино Википедия Агентство делового туризма /UTS24 Бакалдин виталий борисович - Все о Кубани: История Все песни Саша Иркутский слушать и скачать бесплатно на Mp3co Дай Бог вам только счастья и тепла » Пожелание. ру - Поздравляйте родных Жидкая матовая помада True Matte. Косметиста Комитет по образованию администрации Зиминского района Московской Федерации Универсальный Бой на